Қазан айының басынан бері облыс аумағында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Халықтың белгіленген санитарлық нормаларды сақтауын бақылау үшін облыста 19 қала мен аудан бойынша 46 мониторингтік топ құрылды. Олардың құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары, жергілікті құқық қорғау және атқарушы органдардың өкілдері кірді.
1 қазан мен 8 қараша аралығында өңірде 1794 рейд жүргізіліп, 5 мыңға жуық нысан қамтылды.
Санитарлық ереже талаптарын бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 75,3 млн. теңгеге 695 айыппұл салынды.