ШҚО-да қазан айында ауа райы қандай болмақ?

404
көрілім

Шығысқазақстандықтарды қазанда көктайғақ пен сынап бағанасы минус он градусқа дейінгі суық күтуде. Қазгидрометтің мәліметі бойынша, ауа райы құбылмалы болмақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Жақын күндері Ираннан соққан жылы ауа массаларының әсерінен күн қайта жылынады. Бірақ айдың басында түнгі ауа температурасы минус 2-10 градусқа дейін сақталады» делінген хабарламада.

Бірінші онкүндіктің соңында суық ауа ағымдарының келуіне байланысты күн суытып, қар, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз сынап бағанасы 8 градустан 18 градусқа дейінгі температураны көрсетеді.

Сонымен қатар, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады.