ШҚО Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиында көктемгі су тасқынына қарсы қабылданған шаралар жайлы айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы ұсынған мәліметке сәйкес қазір жағдай бірқалыпты. Қауіп бұлты сейілуінің бір себебі - су қоймалары маңындағы тұрақты кезекшілік пен сақтық шаралары. Одан бөлек, өңір бойынша ұзын-ырғасы 124 гидротехникалық құрылыс болса, соның жетеуінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
– Жалпылай айтқанда, қазір елдімекендерге су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Шамалап айтсақ, су тасқынының екпіні 70%-ға еңкейді. Оған қоса, барлық аудандарда дерлік, қар толықтай еріп біткен. Тау бөктерлерінде қалмаса, жағдай тұрақты, –деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Еламан Мұхтарханов.