Мұны облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ермек Беделбайұлы Алтай ауданы тұрғындарымен кездесуінде жергілікті жол мәселелеріне тоқталды. Оның сөзінше, жаңадан сайланған әкім Ренат Құрмамбаев бұл тұрғыда әлі көп күш жұмсауы керек. Биыл жөнделген 32 шақырымды төмен көрсеткіш деп атады.
Өңір басшысы 2024 жыл “Жол жылы” деп бекітілгендіктен инфрақұрылымды дамыту кенжелеп қалмауы қажеттігін алға тартты.
- Биыл барлығы 392 шақырым жол жөнделді. Бұл аз ба, көп пе - тұрғындар бағамдай жатар. Мен осы қызметке кіріскелі жаңа жоспар әзірленді. Айталық, 392 шақырымға 7,70 млрд теңге жұмсалса, 2024 жылы 600 шақырым жол жөнделмек. Оған бөлінетін қаржы - 15 млрд теңге. Яғни, сома екі есе артты, - деді Ермек Көшербаев.