Ұлан ауданына қарасты Донское ауылында кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
27 ақпан күні Донское ауылында бейімдеу орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты - ата-ана қарауынсыз қалған балалармен, панасыз жасөспірімдерді туыстары табылғанша қысқа мерзімді бағып-қағу.
Сонымен қатар бейімдеу орталығы 4-санаттағылар орналастырылады:
1) 3 жастан 18 жасқа дейінгі қараусыз және панасыз қалған балалар;
2) Ата-анасыз немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) Арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
4) Әлеуметттік бейімсіздікпен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар;
Қазіргі таңда мекеменің жалпы аумағы 980 шаршы метрді құрап отыр, 35 төсек-орын бар. Сонымен бірге орталықта жалпы саны 22 адам қызмет көрсетеді. Бүгінде ғимаратта 8 бала тәрбиеленіп жатыр.
Мекеме ішінде балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалып отыр. Нақтырақ айтсақ, жаттығу залы және материалдық техникалық базалармен қоса, тұрғын-үй тұрмыстық жағдайлары да жасалған.
Соңғы 5 жыл ішінде облыс көлемінде КБО-ға 865 кәмелетке толмаған бала орналастырылып, 646-сы қайта отбасына қайтарылды. 169-ы мемлекеттік мекемелерге жіберіліп, 7 бала жақын туыстарының қамқорлығына берілді.
Ашылу салтантына Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев, ШҚО Білім басқармасыны басшысы Инесса Чернышева қатысты. Ал лента қию рәсімі "Шығыс сүт" корпорациясының басшысы Сейілжан Сайлаубаевқа берілді.
НҰРДАУЛЕТ ҚАЛИБЕКОВ