Мұны Өскемен қалалық прокуратура бөлімінің бастығы Бекжан Мурсалимов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық тиіспеушілік бойынша қандай шаралар қолға алынса да нәтиже көңіл қуантатындай емес деді жауапты тұлға. Соңғы мәліметке сәйкес облыста осындай 16 факт тіркелген.
- Көп жағдайда кәмелеттік жасқа толмағандар өзіне жасалған зорлық әрекеттері жайлы хабарламаған. Содан барып психикаларына соққы келіп, өмірден баз кешеді. Өздерін зорлаған адамдарға қарсылық көрсету дегенді ойынан шығарып, бұл жайлы ата-аналарына айтпаған. Осы ретте Өскемен қалалық прокуратурасы денсаулық сақтау, білім беру және полиция органдарымен бірлесе кәмелеттік жасқа толмағандарға зорлық, күш көрсету әрекеттерінің алдын алу үшін пилоттық жоба әзірленді. Жалпысында, аталған қылмыс биыл былтырмен салыстырғанда азаймады, артқан да жоқ. Мәселе бәз-баяғы өзекті, - деді ол.