ШҚО Прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Серіковтің сөзінше, қылмысты уақтылы айтпау әрекеттері жағымсыз статистиканың өсуіне әкеледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлға зорлық сипаттағы қылмыс саны сегіз болатынын айтып, облыста соның төрт түрі жиі тіркелгенін мәлімдеді.
- Бір адам әбден әдістеніп, қылмысын қайталауды әдетке айналдырады. Зардап шеккендер мұны айтуға жүрексініп, іштей күйзеліске түседі. Соңғы бес жылдың статистикасын айтсақ, аймақтағы әрбір алтыншы қылмыс ұқсас эпизодтар болып тіркелген. Өкініштісі сол, осындай әрекетке барып отырғандардың ішінде туыстарының, достарының, тіпті көршілерінің қатысы болды. Тек 14%-ы ғана зардап шеккендерді танымайтын болып шықты, - деді Әділет Серікұлы. - Жиі жасалған қылмыс түрлері - зорлау, жыныстық қатынасқа түсу мақсатында күш көрсету, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу және кішкентай қыздарға қырындау.