ШҚО-да кене шаққан жеткіншек құтқарылды

274
көрілім

Бұқтырма су қоймасында суға шомылып жүрген баланы кене шағып алған. Демалыс орнында медициналық қызметкер болмаған соң құтқарушылардан көмек сұрауға тура келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Жағажайда отбасылық демалыс жасаған ата-ана 9 жасар ұлдарының басынан кенені байқаған.
- Оқиға орнында медицина маманы болмаған соң кене шаққан баланы жақын маңдағы дәрігері бар сауықтыру лагеріне жеткізген, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Кенені залалсыздандырып алып тастаған. Бірақ кене энцефалитінің алдын алу үшін иммуноглобулин егуге тура келді.
Жағажайдан ауруханаға баратын тасжол болмағандықтан жеткіншекті қайықпен жеткізген.