ШҚО-да кеше су деңгейі қатты көтерілді

427
көрілім
Шартты фотосурет

Қазгидрометтің мәліметтері бойынша Бұқтырма, Үлбі және Оба өзендерінің су арнасы толып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

22 мамыр күні «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше су бекеттерінде су деңгейі жоғарылап, кейбір орындарда тіпті қалыпты жағдайдан бірнеше есе көтерілгені жайлы ақпарат таратқан. Бұл қауіпті жағдай Бұқтырма ауданындағы «Лесная Пристань» су бекеті, Үлбі ауданындағы «Перевалочная» мен Оба өзеніндегі «Шемонаиха» су бекеттерінде болған.

Таңғы сағат 8.00-де жүргізілген өлшем бойынша Үлбі өзені суы 380 сантиметр сыни белгісінде 309 сантиметрді құрады.

Еске салып өтсек, Өскемен қаласында Үлбі көпірінің астындағы жол айрықтарды су басып кеткен. Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Согра ауданы мен басқа аудандардағы тұрғын үйлерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ екенін айтты.

Қазіргі уақытта су деңгейі біршама төмендегені байқалған.