ШҚО-да кәсіпкер мейрамхана бизнесі арқылы Бұқтырмадағы туризмді дамытуға ниетті

216
көрілім

Өскеменде Туризм индустриясына үлес қосқан кәсіпкерлерді марапаттау кезінде бірнешеуінің пікірін тыңдап қайттық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«The Forest» ресторанының директоры Виктор Белей ресторан маңында «Раrk Hotel Forest Hills» деп аталатын база құру жоспарда бар дейді.
- Біз адамдарға қолайлы демалыс, көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз. Мен Мәскеуде 19 жыл бойы жұмыс істедім. Қазір Қазақстанды, әсіресе осы өңірдің гастрономиясы мен ресторан бизнесін жаңа деңгейге жеткізуге атсалысып жүрмін. Осы уақыт аралығында әртүрлі сайыстарға қатысып, тіпті Мишленнің белгісіне қол жеткізген жетістігіміз бар, - деді ол.
Айтуынша, 2024 жылға жоғары мақсаттар қойып отыр.
- Соның бірі Бұқтырмада жаңадан ресторан және отель ашу. Халық үшін қолайлы жағдай жасамақпыз. Оның ішінде, дәмді тағамдар, ерекше атмосфера және СПА-салонын ашпақ ойымыз бар, - деді «Туризм саласындағы үздік кәсіпкер 2023» марапатының иегері Виктор Григорьевич.