ШҚО-да кәсіпкерлерге арналған алғашқы орталық ашылды

599
көрілім

Аймағымызда кәсіпкерлерге арналған «Бір терезе» қағидасымен қызмет ететін толық форматты алғашқы орталық ашылды. Бұдан былай құзырлы орган өкілдерінен ең қажетті қызмет түрлерін тікелей алуға болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аталмыш орталық облыс әкімі Даниал Аxметовтың тапсырмасы бойынша кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры негізінде құрылып отыр. Мұнда 8 түрлі сервистік қызмет көрсетіледі. Орталықта салалық және мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Атап айтсақ, жер қатынастары комитетінің өкілдері, су, жылу, кәріз жүйесі, электр энергиясы сияқты инфрақұрылым қызметі өкілдері де жұмыс істейді. Кеден департаментінің мамандары де бар. Алдағы уақытта салық, әділет басқармалары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығының мамандары қатарға қосылады. Сонымен қатар, «Бизнес мектебі» мен «Кезекші прокурор» да жұмыс істейді. Бұл мамандар енді мәселені жылдам шешіп қана қоймай, рұқсат және теxникалық құжаттарды беру ісімен де айналысады.

Бизнеске қажетті атқарылатын міндетті жұмыстардың бір жерге шоғырландырылуы кәсіпкерлер үшін айтарлықтай жеңілдік болып отыр. Дәл осындай орталық Семей қаласында да ашылатын көрінеді. Оған қажетті ресурстар мен ғимарат та дайын екен.