Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен жиында Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері жеке кәсіпкерлер жұмысына онлайн бақылау-кассалық машинасын енгізу жөнінде ой бөлісті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшіліктендіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақерке Садуақасова ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, онлайн бақылау-кассалық машинасын қолдануға көшу 2015 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келетінін жеткізді. Үстіміздегі жылы осынау кезеңді қорытындылу үшін тоқсан сайын онлайн бақылау-кассалық машинасын қолдану бойынша қызмет түрлерін кеңейту де қарастырылған.
Бұдан бөлек, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер патенттеу негізінде әлеуметтік салық режімін жүзеге асырылып жатқан қызмет түрі еліміздің Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің ресми сайтында бекітілген заңнама тізбесіне сәйкес болған жағдайда ғана қолдануға құқылы. Осыған орай, жоғарыда аталған тізбеге енбеген кәсіпкерлерге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органына қабылданып жатқан салық салу режімі жайлы ескертпе айтулары тиіс. Ескертпе айтылмаған жағдайда, кәсіпкер жалпылай бекітілген салық салу тәртібіне көшулері қажет.