Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысы болып Ардақ Мәдиев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Ардақ Еділұлы 1969 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында 28 қыркүйекте дүниеге келген.
Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы СІМ Дипломатиялық Академиясын тәмамдаған. Ұзақ жылдар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде сектор меңгерушісі лауазымында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде және ҚР СІМ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.