ШҚО-да кәсіпорын аумағынан металл ұрланған

379
көрілім

ШҚО-да кәсіпорын аумағынан құны 16 миллион теңгені құрайтын металл ұрланған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Ұрлық жасады» деген күдікке ілінген төрт еркектің бірі деструктивті діни ағымды ұстанушы болып шықты.

- Сондай-ақ жедел іздестіру іс-шарасының барысында 4 адамнан құралған топ қолға түсті. Олар «ВАЗ-21013» маркалы және жүк көлігімен барып Степное кенінде орналасқан кәсіпорыннан металл ұрлаған, - деп хабарлады Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. - Ұрланған заттар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 16 миллион теңгеден асады. Күдіктілердің бірі деструктивті діни ағым (салафизм) жақтаушысы болып шықты.