ШҚО-да кейбір азық-түлік түрлері қымбаттады

357
көрілім

Облыстық Статистика департаменті өткен жылдың желтоқсан-қараша айларындағы бағаларды салыстырып, нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өткен жылдың желтоқсан айында жеміс пен көкөністерден жүзім, лимон, алмұрт, қырыққабат, қияр, қызанақ, қызылша, сарымсақ, тәтті бұрыш, картоп қымбаттаған болатын.

Көкөністер арасында ең көп, әсіресе тәтті бұрыш 30,8 пайызға қымбаттаған. Қызанақ – 28,2 пайызға, қияр 20,8 пайызға қымбаттады.

Бидай ұны, нан, тоқаш, сүт өнімдері, жарма, күріш, майонез, жылқы еті, тауық еті, шұжық, балық, сүт, айран, қаймақ, май, шай бағалары да біршама өскен.

Бұлардың арасында ең көп қымбаттағаны – жұмыртқа. Оның бағасы бір айда 5,6 пайызға өсті.