ШҚО-да кейбір ірі қара малы есепте бар, бірақ қорада жоқ болып шықты

99
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Жүргізілген тексеру нәтижесінде облыстағы ірі қараның 24 пайыздан астамы есептен шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының  тілшісі.
 
Облыс әкімдігінің кезекті отырысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев өңірдегі мал шаруашылығын есепке алудағы ауқымды мәселені көтерді. Ресми есепте сиырдың біраз бөлігі құжат бойынша ғана бар болып шықты. Аймақ басшысының айтуынша, елдімекендегі шенеуніктерге малды өз өңірлерінде тіркеу тиімді. Ал шындығында ірі қара аймақ асып, әуел баста саудаланып кеткен.
- Малды саудалайды, сатып алады, сатады. Жай ғана ақысын төлейді, салық жоқ, ештеңе жоқ. Саудагерлер кетті, болды, санақ өзгермеді. Бұл әкімдерге де, ауыл шаруашылығы басқармасына да тиімді. Санақ жақсы жүріп тұр. Бұл мәселені дер кезінде шешуіміз керек,- деді Ермек Көшербаев.
Аймақ басшысы малдың облыс асып, басқа өңірлерде саудаланбауын тапсырды. Жергілікті ет, сүт өнімдері облыста өндіріліп, шығысты толық қамту керектігін айтты. Сондай-ақ аймақ басшысының айтуынша, облысқа малды есепке алатын мал базары мен өнімдерді сертификаттайтын зертхана да қажет.