Елдегі шектеу шараларының жойылуына және жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚКО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы біршама ұйым, мекемелердің жұмысына оң әсер етіп жатыр.
– Қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін Өскемен және Семей қалаларында жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесімен бір кезекші бөлімнің жұмысы қамтамасыз етіледі. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша, дс-жм аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады, – делінген мәліметте.
Кезекші ХҚКО-лардың мекен-жайлары:
1. Өскемен қ., Белинский к-сі, 37а;
2. Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі 22.