ШҚО-да кезекті «Парасат жолы» орталығы ашылды

389
көрілім

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көру қабілеті төмен жандардың арнаулы кітапханасында «Парасат жолы» орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Мейіргүл Сахариеваның, өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова мен кітапхана оқырмандарының қатыстысуымен өтті.

– «Парасат жолы» орталығы бұған дейін облыстың бірқатар кітапханаларында және жоғарғы оқу орындарының кітапханаларында жұмысын бастаған болатын.

Орталықта адалдық, әділдік, парасаттылық қасиеттерін дәріптейтін Абай мен Шәкәрімнің шығармалары қойылған. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы брошюралар орналастырылған, – дейді Мейіргүл Сахариева.

Салтанатты шарада парасаттылық қағидатын, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзерістер жайында айтылды.

Сонымен қатар оқу залының кітапханашысы Ирина Золотарева А. Данте, А.С. Пушкин, Н. Гоголь, И.А. Крылов, В. Шитов және басқа да көптеген танымал жазушылардың шығармаларынан мысалдар келтіре отырып, «Көркем әдебиеттегі сыбайлас жемқорлық тақырыбы» тақырыбындағы әдебиетке шолу жасады.

Ашылған «Парасат жолы» орталығы оқырман қауымның таным-түйсігіне ізгі ой қалдырады деген сенімдеміз.