Аталған акция бірінші желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал Шығыс Қазақстанда іс-шара қатарынан екінші жыл өткізіліп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясындағылардың айтуынша, киіктер облыс аумағына Қарағанды және Павлодар облыстарының шекаралас аудандары жағынан кіре бастаған.
– Сонымен қатар бітімі бөлек аң Аягөз ауданында және Семейдің әкімшілік бағынысындағы аудандарда мекендейді, – деді аумақтық инспекция өкілдері.
Мемлекеттік мекеме киіктерді заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Өздеріңізге белгілі, олар Қазақстаннан бөлек, Орта Азия елдерінен Қырғызстан, Түркіменстан, Моңғолия елдерінің жазығын мекендейді. Құрып кетудің аз-ақ алдында. Сол себепті көп жылдан бері еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.