Жаңашыл кәсіпкерлер облыс әкімдігіне келіп, кино өндірісінің базасын құру тұралы ұсыныс білдірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуықта өткен жиында облыс әкімі Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан киностудиясының пайда болу мүмкіндігіне тоқталды.
- Жақында маған облысымыздың жастары келіп, көңілге қонымды ұсыныстарын жеткізді. Олар креативті экономика идеяларын дамытуға негіз болатын тиісті алаң құрып беруімізді сұрады. Нақты айтсақ, аймақта киностудия ашқылары келеді. Өңірдің әсем табиғаты мен климаттық ерекшелігі түрлі түсірілім тобының назарын аударған көрінеді. Қазір осы ұсынысты қарастырып жатырмыз. Киностудия ашылса, әртүрлі жастағы адамдар да киноның кейіпкеріне айналып, өздерінің актерлік шеберлігін дамыта алар еді, - деді Ермек Көшербаев.