ШҚО-да кісі өлтірді деген күдіктінің денесі асылған күйінде табылды

194
көрілім
Фото:kazaknews.kz сайтынан

Алдын ала дерек бойынша ер адам өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен күзде Риддердегі көрқабатты үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 33 жастағы әйелдің денесі табылды. Әлеуметтік желілерде кісі өлтірді деген күдіктінің іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған. Бейресми ақпарат бойынша марқұм әйел мен күдікті біраз уақыт бірге тұрған. Осы оқиғаға дейін олар пәтерлерін сатып жіберіпті.
Кейін qamqor.gov.kz сайтында 1974 жылы туған ер адамның іздеуде жүргені туралы ақпарат пайда болды. Жақында оның денесі табылды.
- Алдын ала дерек бойынша, бұрын іздеуде жүрген күдіктінің мәйті 19 желтоқсанда Риддердің төртінші шағын ауданындағы орман алқабынан табылды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінен.