ШҚО-да көктайғақ болады

395
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райын Салехард аймағынан келетін циклон анықтайды, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с-ден асып кетуі мүмкін. Мамандар болжамынша, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді деп күтіледі.