ШҚО-да көктайғақ болады

341
көрілім

Бүгін ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына орталығы республиканың солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон әсерін тигізеді. Соған байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандар болжамынша, оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі ықтимал.

Ақмола, Солтүсік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

ШҚО-ның кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.