Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Елдің солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, оңтүстікте жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен 15-20 м/с жел күтіледі.
Синоптиктер болжамынша, ШҚО жолдарында көктайғақ, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі болжанады.