Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, күндіз елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында төпелеп жаңбыр мен қар жауады.
Тек оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды. Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, күшті жел соғуы ықтимал.
ШҚО-ның солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді деп күтілуде.