Бүгін еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Бірқатар өңірлерде қар жауып, оңтүстік аймақтарда жауын-шашын болуы ықтимал.
Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді деп болжануда.