Өңірдің көп бөлігінде жаңбыр, көктайғақ пен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстігінде, облыстың орталығында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстік жартысында желдің күшеюі 15-20 м/с ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының орталығында көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман күтіледі.