ШҚО-да көктайғақ күтіледі

323
көрілім

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстік және орталық өңірлерінде жауын-шашын болады, елдің шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

ШҚО-ның батысында, солтүстігінде және орталығында, түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ күндіз ШҚО-ның басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.