ШҚО-да көктайғақ күтіледі

423
көрілім
Шартты сурет

Синоптиктер болжамынша, бірқатар аймақта қар жаууы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

10-12 ақпан күндері жауын-шашынсыз сақталған антициклон тек шығыс аймақтарға әсерін сақтай отырып, елімізден тыс жерлерге ауыса бастайды де болжануда.

- Солтүстік-батыстан үлкен ылғал қоры бар циклон өтуде. Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ күтіліп, тұман түсуі ықтимал. 12 ақпанда оңтүстік және батыс облыстарда қатты жауын-шашын, қар жауып, сондай-ақ жел мен көктайғақ болады. Аталған кезеңде Қазақстанның солтүстігінде термометр бағандары күндізгі уақытта тек 2-10 градус аязды көрсетеді, - делінген мәліметте.