ШҚО-да көктайғақ күтіледі

331
көрілім
Шартты фотосурет

Республиканың бірқатар аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Өңірдің батысы мен оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Бірқатар аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.