ШҚО-да "Көктем-2024" республикалық оқу-жаттығуы өтуде

210
көрілім

Облыс аумағында "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 2-ші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймаққа тән сценарийге сәйкес, қар жамылғысының қарқынды еруі, өзендер мен бұлақтардағы мұз кептелістері су деңгейінің жоғарылауына әкелді. Бобровка кентінің тарапынан еріген су Фигурная көшесіндегі арықтан асып, тұрғын үйлерді су басқан. Құтқарушылар тұрғындарды жол талғамайтын техникамен жедел эвакуациялап, уақытша орналастыру пунктіне жеткізді, коммуналдық қызметтер арық жүйесін бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде, су басқан үйлерді топырақ үйіп, қоршауды жүргізуде. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары зардап шеккен халыққа психологиялық және медициналық көмек көрсетеді.


Оқу-жаттығу шеңберінде су тасқыны қаупі бар кезеңде іске қосылатын облыстың азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының техникасы мен жабдықтарын байқау өтті.
"Тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқаруда ұйымдастырушылық және практикалық қызмет, су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету мәселелерін пысықтауға мүмкіндік берді.

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында екі күн бойы облыстың азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардан құрылған штаб жұмыс істеді. Іс-қимылдарды үйлестіріп, эвакуация жағдайында халыққа көмек көрсетуге дайындығын, сондай-ақ оқу-жаттығуға басшылық ету штабы орналасқан Ақтөбе қаласынан алынған кіріспе жұмыстарды пысықтады. Өткізілетін іс-шара барысында жергілікті атқарушы органдармен қорғау бөгеттерін салу, эвакуацияланғандарды жатын керек-жарақтарымен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жүзеге асырылды. Бұдан басқа, төтенше жағдайлар орын алған жерлерде көпірлер мен каналдарды тазарту бойынша іс - шаралар жүргізілді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі