ШҚО-да көлік қаққан бүлдіршін көз жұмды

367
көрілім

Оқыс оқиға Алтай қаласында орын алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Қайғылы жағдай 29 шілдеде болған.
— 36 жастағы қала тұрғыны 2014 жылғы баласымен Астана көшесінен жаяу жүргіншіге арналмаған жерден өтіп бара жатқан. Нәтижесінде Daewoo Matiz маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші анасы мен баласын қағып кеткен. Қатты соққыдан бала ұшып кетіп қарсы келе жатқан көліктің астына түсті, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ауыр жарақаттан бала оқиға орнында жантәсілім етті. Әйел адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалуда.