Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі зейнеткер дене жарақатын алды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі
Жол апаты Водное ауылында (Семей қаласының маңында) 2 қараша күні болған.
-Белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен екі әйел адамды 41 жастағы Opel Vectra жүргізушісі қағып кеткен – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.70 және 73 жастағы жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Екі жүргінші де Қарағанды облысының тұрғындары екені белгілі болды.
Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 1-бөлігі бойынша (Жол жүру ережелерін бұзу, денсаулыққа орташа зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
shkoda_kolik_zhurgizushisi_eki_zhayau_zhurginsh
59