ШҚО-да көлік жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсеткен

136
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Жүргізуші құқығынан айырылған ер адам әкімшілік кодекске сәйкес екі құқықбұзушылыққа жол берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қ.Қайсенов кентінің көшелерін патрульдеу барысында ВАЗ маркалы автокөлігі байқалды. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатуға тырысқанда жүргізуші жасырынуға тырысып, олардың заңды талабын орындамаған.
Құжаттарды тексеру барысында автокөліктің 24 жастағы иесінің сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша заң алдында жауап беретін болады.
Заң бұзушыға айыппұл салынады немесе әкімшілік қамауға алынады. Жазаны сот анықтайды.