Облыстық сот көліктік бақылау инспекциясының басшысы мен оның орынбасарына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, олар қызметтік мансабын асыра пайдаланған. - Салмақтық көрсеткіштерден асатын кенді тасымалдау арқылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрекетінен мемлекетке 63 миллион теңге сомасында залал келтірілгені анықталды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Сот үкімі заңды күшіне енді. Нәтижесінде, Нұрғалиев пен Тұрақбаев өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды және оларға 3, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды.