ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын қызметкері 12 млн теңгеден астам қаражат жымқырған

151
көрілім

Есепші өзінің жеке банктік шоттарына бюджет қаражатын заңсыз аударып отырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың бірінде есепші бірнеше жылдан бері МКҚК-ның бюджет қаражатын өзінің банктік шоттарына заңсыз аударып келген. Келтірілген шығын көлемі 12 264 882 теңгені құрады.

Ақша жымқырғаны үшін әйелді кінәлі деп танып, үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.