ШҚО-да «Қонақжай отбасы» жобасына өтінім берген аудандар саны көбеюде

204
көрілім
Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Облыстық Білім басқармасы өкілдерінің ақпаратынша, балалар арасында мемлекеттік тілді ғана емес, қазақтың салт-дәстүрлерін үйренуге ниеттілер қатары да артқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, былтыр бірнеше бүлдіршін Катонқарағай ауданының ауылдарына барып, елдімекен тіршілігімен танысып қайтқан еді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, бұл жоба биыл да жалғасын таппақ. Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухинаның мәліметінше, Глубокое ауданы мен Риддер қаласынан өтінімдер жиі түсіп жатыр.

Жалпы, өтінім беру маусым айының 5-не дейін жалғасса, жобаның өзі айдың 15-і күні басталады. Алдағы уақытта Тарбағатай, Зайсан аудандары да қамтылуы мүмкін.