Соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде жұқпалы індетке шалдыққандар саны 1949-ға жетті. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында жаңадан 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, коронавирус Өскемен қаласындағы 1972 жылы туған ер адам және 1970 жылғы әйелден және Абай ауданындағы 1960 жылғы азаматтан анықталған.
– Екі жағдайда COVID-19 пневмония және ЖРВИ диагнозы бар науқастар арасында, бір жағдайда профилактикалық тексеру кезінде шыққан. Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, қажетті ем қабылдап жатыр. Барлық эпидемиологиялық тексеру шаралары, науқастармен байланыста болғандарды табу және оқшаулау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, – делінген мәліметте.
Бүгінде олармен байланыста болған 138 адам анықталып отыр. Жалпы облыс бойынша 11 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде бір адам көз жұмса, 3 адам жазылып шықты.