ШҚО-да коронавирус жұқтырған алтыншы науқас 2007 жылы туған

437
көрілім

Семей қаласында 2007 жылғы бала жұқпалы індетке шалдыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, соңғы үш күнде өңір бойынша 3 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде екі жасөспірім бар.  
- Бүгін Семейде 2007 жылы туған тағы бір оқушыда коронавирус расталды. Ол бұған дейін осы диагнозбен стационарға түскен 2006 жылғы науқастың інісі. Онымен жақын байланыста болғандықтан 5 сәуірде COVID-19-ға тексерілген. Нәтижесі оң. Екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылды. Жағдайлары орташа, - дейді ол.
Осы ретте, облыс әкімдігі тұрғындардың үйде болуларын, қажетсіз сыртқа шықпауларын сұрайды.