ШҚО-да қос азаматтығы бар ерлі-зайыптылар анықталды

226
көрілім
Фотосурет Aikyn.kz сайтынан

Глубокое ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзған ерлі-зайыптыларды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары бұл отбасының 2022 жылдың тамыз айында Ресей азаматтығын алып, Ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шетелдік мекемелеріне хабарламағанын анықтаған.
Полицейлер ресейліктерден ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспортын тәркілеп, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын тіркеді.
- Ерлі-зайыптыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау» бойынша әкімшілік материалдар толтырылды, - делінген мәліметте.
Глубокое аудандық сотының қаулысымен заң бұзушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару түріндегі жауапкершілікке тартылды.