ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын анықталды

109
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Заң бұзушыны мемлекеттік қызмет көрсету барысында ұстаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, мамыр айында Глубокое ауданының 21 жастағы тұрғыны қазақстандық құжаттарын тапсырмай, Ресей азаматтығын алған. Азаматтығын ауыстырғанына бір ай толған соң ол ХҚКО-на келіп, қазақстандық жеке куәлігі арқылыорта білім туралы аттестаттың түпнұсқасын сұратқан.  

Тәртіп сақшылары жеке басын куәландыратын құжаттарын тәркілеп, шетелдікке қатысты Қазақстан азаматтығынан айыру фактісін тіркеді. Сондай-ақ азамат 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.