Құтқарушылар тұрғындарға 20-26 қаңтар аралығында таулы жерлерге бармауға кеңес береді деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Қалың қар түсіп, жел екпінінің күшеюіне байланысты 20-26 қаңтар аралығында таулы жерлерде көшкін жүру қаупі бар, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, облыста көшкін жүру қаупі бар орындар көп. Оның үстіне олар автокөлік жолдарының бойында орналасқан. Мысалы Өскемен-Таулы Үлбі-Северное (31-ден 37 шақырымға дейін), Самар-Өскемен (101-ден 109 шақырымға дейін), Өскемен-Алтай (58-ден 65 шақырымға дейін) жолдарында қар еріп, көшкін жүру қаупі бар.