ШҚО-да КСРО төлқұжатымен өмір сүріп келген 150-ден астам адам анықталды

613
көрілім
Шартты фотосурет

Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарын уақтылы алмастырмаған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру қызметтерін алуда, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеуде шектеулі және ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоқ.

Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарымен 150-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылды.

- Осылайша, Алтай ауданының полиция бөліміне 49 жастағы азамат жүгініп, 1988 жылы Украинада берілген 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен құжатталғанын айтқан. Ер адам Қазақстанға 90-шы жылдары келіп, Өскемен қаласында әскери қызметін өтеген, сонымен қатар Жаңа Бұқтырма кентінде жұмыс істеген. 25 жылдан астам уақыт бойы құжаттарды жолдаса да Украинадан жауап келмеген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының консулдығы арқылы Украинадан қажетті құжаттарды сұратуға жәрдем көрсеткен. 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі рәсімделді.