Шығыс Қазақстан облыстық сотында үш полиция қызметкерлеріне қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Естеріңізге сала кетсек, тәртіп сақшылары күдікті тұлғаны азаптағаны үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасы күдіктіні азаптағаны үшін сотталған Риддер АІІБ-нің үш қызметкері Болатбеков, Бакенбаев және Купановқа қатысты бірінші сот сатысының үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері полиция учаскесінің қызметтік бөлмесінде ұсталған күдіктіден көрсетпелерді алу үшін ауыр дене жарақаттарын келтіргенін анықтады.
Істің тергелуін процессуалдық прокурордың қатысуымен мамандандырылған прокуратура жүргізген. Процесс барысында, мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп тануын сұраған.
Болатбеков пен Бакенбаев 3 жыл 6 айға бостандығынан айыруға, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқарушылық жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге сотталған.
Купанов 3 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқарушылық жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге сотталған.