Жоспар бойынша жоба жұмысы қазан айында аяқталады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл туралы «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның басшысы Шәкәрім Буктугутов облыс әкімдігінде өткен жиналыста мәлімдеді. Күн электр станциясы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен (17,5 млрд.теңге) салынады. 30 МВт қуат өндіретін нысан құрылысы Жарма ауданында жүруде.
Шәкәрім Буктугутовтың айтуынша, станция құрылыс толығымен 2019 жылы аяқталады.