ШҚО-да күн суытады

482
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Өскемен мен Семейде бұршақ жауса, солтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы күтіледі.

6-7 маусымда түнде солтүстік-шығыста, Алматы облысының таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін аяз болады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады: кей жерлерде күн күркірейді, күндіз батыстан кейін солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

6-7 маусымда ШҚО-да түнде 1-3 градус аяз болады.