ШҚО-да күн суытады

841
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, жекелеген өңірінде жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал.

 Павлодар, күндіз Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артып, Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.