«Казгидромет» РМК-нің хабарлауынша, жақын күндері аяз қайтып, күн жылынады, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.
«Казгидромет» РМК 1-3 ақпан аралығындағы ауа райымен бөлісті.
- Каспий теңізінің үстінен циклон қалыптасып Қазақстанға қарай ығысады, - деп хабарлады «Казгидромет» РМК. - Оның әсерінен ауа температурасы жоғарылайды.
Дүйсенбі күні шығыс, солтүстік және орталық облыстарда ауа температурасы 0-ден минус 8 градусқа дейін көтеріліп, қар жауады.