Ресми ақпарат жуықта облыс әкімдігінде өткен жиын кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановтың сөзінше, кәсіби спорт клубтарын ұстауға 2 187 700,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:
- әйелдер волейболы – 450 млн. теңге,
- ерлер волейболы – 221,4 млн. теңге,
- жеңіл атлетика – 520 млн. теңге,
- гандбол – 134,4 млн. теңге,
- Бұдан бөлек, футбол – 571,9 млн. теңге (1, 2 лигалар командаласы, футбол орталығы), күрес түрлері – 135 млн. теңге, үстел теннисі – 89,8 млн.теңге тұратынын атап өткім келеді, - деді Асқар Байжігітұлы.