ШҚО-да құтқарушылар боранда қалған науқас адамды қауіпсіз жерге көшірді

437
көрілім

Арнайы қызмет жедел жәрдем көлігін жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін шығарып салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылы тұрғынының денсаулығы сыр беріп, шұғыл ауруханаға жатқызылмақ болған. Бірақ аталған аймақта қарлы боран соғып, жағдай қиындап кеткен. Аталған жайтты ести сала, құтқарушылар дер кезінде көмекке келіп үлгерді.

- Науқасты құтқарған мамандар зардап шегушілерді аудан орталығындағы Тарбағатай аудандық ауруханасына жеткенше, ілесіп отырды, - делінген мәліметте.